00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Республика аумағында темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республика аумағында темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді
ашық дереккөз

1 қазаннан бастап республика аумағында темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілді. Бұл туралы Елорда Инфо Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.   Темекі өнімдерінің басқа түрлерін (таяқшалар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылған темекі және т.б.) таңбалау қажеттілігі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді. Мiндеттi таңбалау енгiзiлген күнге қоймалардағы және дүкендердегі таңбаланбаған темекi өнiмдерiнiң қалдықтарын айналымға қатысушылар міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап бiр жыл iшiнде сатуға жатады. Темекі өнімдерін таңбалау тауар айналымының ашықтығын арттыру, адал бәсекелестікті қолдау, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау, көлеңкелі экономика көлемін азайту, зияткерлік меншік құқығын сақтау және бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайту үшін тауарларға Data Matrix кодын қолдану арқылы жүргізіледі. Таңбалау тұтынушыға сатып алынған тауары туралы толық ақпарат алуға және өзін контрафактіліктен сақтандыруға мүмкіндік береді. Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары және оларды еліміздің аумағында одан әрі қадағалану тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі No 927 бұйрығымен айқындалған. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін таңбалауды оларды өндіруші жүзеге асыруы тиіс. Елімізден тысқары жерлерде шығарылатын темекі өнімдерін таңбалауды, сонымен қатар елге ішкі тұтыну үшін әкелінгенге немесе кері импортқа дейін немесе темекі өнімдері кедендік рәсімдермене орналастырылғанға дейін импорттаушының міндеттеріне жүктеледі.