Достық көшесі жартылай жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Достық көшесі жартылай жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120586710846704.webp)
Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады. Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. «Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол). Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)