«Барыс» клубы жаңа шабуылшымен толықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» клубы жаңа шабуылшымен толықты
ашық дереккөз

«Барыс» хоккей клубының сапына жаңадан шабуылшы қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Швед ойыншысы Якоб Лильимен келісімшарт бойынша 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір кезең «Барыс» сапында ойнайды. Якоб бұған дейін «Коламбус» қатарында 37 ойын өткізіп, 5 (2+3) ұпай еншілеген. Былтыр ол «Юргорден» сапында үздік бомбардир атанып үлгерген. Швеция біріншілігінде барлығы 52 ойынға қатысып, 37 (12+25) ұпай еншілеген.