Вирустың адам ағзасына енгеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады – Д.Баешова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Вирустың адам ағзасына енгеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады – Д.Баешова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120249649685432.webp)
ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева онлайн брифингте коронавирустың адам ағзасындағы даму кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Коронавирустың клиникалық көрінісіне келетін болсақ, бұл аурудың басқа да жұқпалы аурулар тәрізді өзінің кезеңі, ауыртпалық дәрежесі, ағымы бар. Вирустың адам ағзасына енгеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады. Инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Ауырған адамның 14 күн оқшауланатыны осымен байланысты. Ал вирус белгілерінің қай күні пайда болатыны ол адамның иммунитетіне байланысты. Мүмкін ол бесінші күні, мүмкін 14-күні басталуы ғажап емес. Вирус адам ағзасына тарағанда ол 5 күнге дейін созылады. Әрі қарай ауру дендеп, асқыну кезеңіне келуі мүмкін. Аурудың негізгі клиникалық белгілері – тыныс жолдардың ауырлауы, жөтелдің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі, буын-буынның сырқырауы, бастың ауруы. Бірақ сонымен қоса қосалқы клиникалық көріністері де бар. Ол мұрынның иісті, ауыздың дәмді сезбей қалуы. Адамның дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін. Біз осының бәрін жақсы білуіміз керек. Неге десеңіз, қазіргі уақытта ауру тұмау сияқты бүкіл елге тарап кетті. Сондықтан коронавирус анықталып жатса, одан үрейленбеу керек. Тек басқа адамдарға жұқтырмау үшін тиісті санитарлық нормаларды орындап, оқшауланып, гигиеналық тазалықты сақтау керек. Дұрыстап емделу қажет. Ал дертке шалдыққандардың жеңіл, орташа және ауыр түрлері бар. Сау тасымалдаушылар да кездеседі. Қазіргі ауру көрсеткішінің 80 пайызы сау тасымалдаушылар мен жеңіл түрлері. 15 пайызы – орташа ауырлық жағдай, ал 5 пайызы өте ауыр жағдайдағы науқастар. Ауырмаған адамның өзінен тест тапсырғанда коронавирус анықталуы мүмкін. Олар симптомсыз тасымалдаушылар. Сондықтан қазіргі жағдайда қарым-қатынасты барынша доғара тұрған дұрыс», – деді о
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)