Үй карантиніне арналған инструкция: Науқас нені ескеруі керек
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Үй карантиніне арналған инструкция: Науқас нені ескеруі керек](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120290339807307.webp)
ашық дереккөз
Коронавирус инфекциясының симптомсыз формасындағы науқас үй карантиніне оқшауланып, медициналық бақылауға алынғанда нені ескеруі керек? Елорда Инфо үй карантиніндегі науқасқа арналған инструкцияны ұсынады.
- Үйден шықпау керек.
- Вирустың таралмауының алдын алу үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде бір реттік майлықпен ауыз бен мұрынды жабу қажет. Бұдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен тазалау қажет. Үнемі медициналық бетперде тағып, оны әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру керек.
- Тамақ ішердің алдында, сонымен қатар әжетханадан шыққаннан кейін қолды сабындап жуып, антисептикпен тазалау керек. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықты пайдаланған абзал.
- Жеке ыдысты пайдалану керек.
- Температура немесе вирустың басқа да белгілері пайда болған жағдайда COVID-19 жөніндегі колл-орталыққа хабарласып немесе қандай себеппен хабарласып тұрғаныңызды айтып, жедел жәрдем шақыру қажет.
- Үй карантинінде жатқан тұлға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын жүктеп, қосымшаға барлығына (GPS, WIFI, Bluetooth) келісім беру керек.
- «Мен карантиндемін» режимін қосып, үй карантинінде болған уақытта өшірмеу керек.
- Телефон үнемі қосулы болып, интернетке жалғанған болуы қажет.
- Мобильді қосымша белсенді немесе фондық режимде болуы шар.
- Үй карантинінде функцияны пайдалану кезінде қолданушы GPS, Bluetooth және WIFI режимінен ажыратпауға тиісті.
- Басқа адамдармен кездесуге тыйым салу;
- Карантин бөлмесіне кірген кезде ауыз бен мұрынды толық жабатын медициналық бетперде тағу қажет. Егер бетперде дымқыл немесе кір болса, оны міндетті түрде жаңасына ауыстыру керек. Бетпердені шешкенде тиісті техниканы қолдану керек, яғни алдыңғы бөлігін ұстамау керек.
- Күніне кем дегенде отбасындағы әр адам 2 реттен температурасын тексеруі керек.
- Күніне кем дегенде 2 рет бөлменің ауасын тазартып отыру қажет;
- Күн сайын тазарту жұмысын жүргізу керек;
- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен тазалап отыру керек. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықты пайдаланған дұрыс;
- Отбасындағы әр адамға жеке ыдыс пайдаланып, жеке гигиенаны сақтау қажет;
- Вирустың таралуына жол бермес үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықпен жабу керек. Бұдан кейін бірден қолды жуып, антисептикпен тазарту керек.
- Отбасындағы кез келген адамда температура немесе вирустың басқа да белгілері пайда болған жағдайда COVID-19 жөніндегі колл-орталыққа хабарласып немесе қандай себеппен хабарласып тұрғаныңызды айтып, жедел жәрдем шақыру қажет.
Ұқсас жаңалықтар
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды