Бизнес бастаған азаматтарға қайтарымсыз 555 мың теңгені қалай алуына болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бизнес бастаған азаматтарға қайтарымсыз 555 мың теңгені қалай алуына болады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту" орталығының директоры Бақытбек Қабжанов бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл гранттар өз кәсібін ашқалы жатқан азаматтарға өтеусіз және қайтарымсыз беріледі. Оның көлемі – 200 АЕК-ке дейін немесе 555 мың 600 теңге. Бүгінге дейін 64 грант берілді. Біз тағы 150 грант беруді жоспарлап отырмыз», - дейді орталық директоры. Сөзін жалғай отырып, бұл бағдарламаға кімдер қатыса алатынын мәлім етті. «Бұл бағдарламаға қатысуға жұмыссыздар, «Еңбек» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіби мамандықты аяқтаған жұмыссыздар немесе кәсіпкерлер және өтініш бергенге дейін жаңа заңнама бойынша бірыңғай жиынтық төлемін төлеген, «Бизнес бастау» жобасы арқылы кәсіпкерліктің негізі жайлы оқыған азаматтар кіреді», - дейді Бақытбек Қабжанов.