Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120559344170223.webp)
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дипломат Сенат Төрағасын Палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
Бүгін, 09:15
Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
Бүгін, 09:05
Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды