Педагогтердің еңбек қызметіне арналған арнайы медаль әзірленеді – БҒМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Педагогтердің еңбек қызметіне арналған арнайы медаль әзірленеді – БҒМ
ашық дереккөз

Педагогикалық білім беруді жаңғырту ІТ-құзыреттіліктіктің жаңа модулін қосып, білім берудің жаңа әдістері мен технологиялары негізінде 100 пайыз жаңартылуы қажет, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап Елорда Инфо. "Педагогтердің мәртебесі мен кәсібилігі білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан педагогтердің еңбек қызметіне арналған арнайы медаль әзірленеді. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және жалпы әлеуметтік салада жемісті еңбек еткен тұлғалар марапатталатын «Халық алғысы» жаңа медалі тағайындалады. Педагогтердің еңбекақысын 4 жыл ішінде 2 есеге ұлғайту қарастырылған. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талаптарды кезең-кезеңмен арттыру керек. Болашақ педагогтердің шәкіртақысын 26-дан 42 мың теңгеге дейін көтеру қажет. Біліктілік талаптарын күшейту арқылы педагогикалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен колледждерді бейіндеуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Педагогтерді арнайы ЖОО-ларда оқыту және дайындау қажет", – делінген хабарламада.