Коронавирус инфекциясының өсімі ірі кәсіпорындарда тіркелді – Біртанов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирус инфекциясының өсімі ірі кәсіпорындарда тіркелді – Біртанов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120573915475406.webp)
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі жағдайды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Соңғы екі аптадағы жағдайда өсім деңгейі байқалып отыр. Күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспайды. Алайда кей өңірлерде коронавируспен тіркелген науқастардың саны артты. Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы бар», - дейді Е.Біртанов. Министрдің айтуынша бұл өңірлердегі коронавирус инфекциясының өсімі үлкен кәсіпорындардан тіркелінген екен. «Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде 1 063 науқас, Қарағанды облысында 358 науқас, Шымкент қаласындағы «Петро Қазақстан» ұйымында 2 019 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларындағы құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам науқас анықталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында және Алматыда әскери ұйымдардың ішінде науқастар тіркелді. Жұмыс орындарының ашылуына байланысты инфекцияның таралу қаупі артты», - дейді министр.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)