Скрининг жасау эпидемияны тоқтатуға септігін тигізеді – министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Скрининг жасау эпидемияны тоқтатуға септігін тигізеді – министр
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте профилактикалық скринингтің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантин кезінде медицина мамандары мен әскерилер, құқық қорғау қызметкерлері және бірқатар ірі кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан жоқ. Сол себепті де ауруды жұқтыру тәуекелі жоғары болып тұр, өкінішке қарай. Ал вирус жұқтырғандардың 16 пайызы симптоммен. Жалпы, инфекция жұқтырғандардың 70 пайызы симптомсыз. Біз науқастар санын анықтау үшін алдын алу профилактикалық скринингтік жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Скрининг бұған дейін 3-4 мың болса, Президенттің тапсырмасымен бүгінде күніне 25 мың тестке көтердік. Осы эпидемия басталғалы бері елімізде 711 мың тест өткізілді. Оның 40 пайызы, яғни 260 мыңнан астамы профилактикалық скрининг деп айтуға болады. Осындай ірі кәсіпорындарда, әлеуметтік мекемелерде скринингтің арқасында науқастарды анықтап, оларды оқшаулануға жіберіп жатырмыз. Алайда кейбір азамат өзінің ауырмайтынын, симптомы жоқ екенін айтып шағымдануда. Бірақ оларды оқшаулау өте маңызды. Себебі олар өздері ауырмаса да, инфекцияны басқа адамдарға жұқтыруы мүмкін. Скрининг жасап, науқастарды оқшаулау эпидемияны тоқтатуға септігін тигізеді», – деді министр.