42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қарастырылады – вице-министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қарастырылады – вице-министр
ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов онлайн брифингте 42 500 теңге ала алмаған табысынан айырылған азаматтардың өтініштері қайта қаралатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «11 мамырдан бастап 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беру тоқтатылды. Енді жаңа алгоритм бойынша тек осы уақытқа өтініш беріп, алайда әлеуметтік төлем ала алмаған табысынан айырылған азаматтардың өтініші қайта қаралатын болады. Ал 11 мамырдан кейін берген өтініштер қарастырылмайды. Әсіресе штаб екі жерде жұмыс істеп, екеуінен табысы тоқтап қалса да, әлеуметтік төлем ала алмаған азаматтардың жағдайына жеке тоқталады. Осы жөнінде көптеген азамат өтініш білдіріп жатыр», – деді вице-министр. Оның айтуынша, ТЖ кезінде 170 мыңға жуық азамат жұмыссыздар қатарын толықтырған.