Елордадағы блок бекеттер қашан ашылады – әкімнің жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы блок бекеттер қашан ашылады – әкімнің жауабы
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте «Елордадағы блок бекеттер қашан ашылады?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өздеріңіз білесіздер, біз 3 бағыт бойынша бақылау жүргіздік. Біріншісі – халықаралық әуе рейстеріне шектеу қою. Вирустың ең бірінші сырттан, яғни шетелдерден келгені белгілі. Екіншісі – ел ішіндегі әуе, теміржол рейстері мен қалааралық бағыттарға шектеу қою. Осының арқасында инфекцияның кеңінен таралып кетуіне жол бермедік. Үшінші бағыт – қалаішілік кварталдар қозғалысын бақылау, яғни полиция қызметкерлері елордалықтарды оқшаулау мақсатында әр аумақтағы көлік қозғалысына шектеу қойып, тексеріс жүргізді. Нәтижесінде қаладағы көлік кептелісі едәуір азайды. Тұрғындар қашықтық пен оқшаулануды ұстанды. Маусым айынан бастап кейбір бағыттағы теміржол рейстерінің іске қосылатынынан хабардарсыздар. Алайда вирус қаупі әлі де сейілмегендіктен, блок бекеттер әзірге ашылмайды. Ол туралы осы айдың соңында қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Алтай Көлгінов.