Карантин кезінде дәрігерлерге қандай көмек көрсетілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин кезінде дәрігерлерге қандай көмек көрсетілді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдай кезінде атқарылған жұмыстарды таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біздің басты міндетіміз – науқас адамдарды дер кезінде анықтау. Қазіргі уақытта тестілеу жұмысын көбейттік. ТЖ режимінің алғашқы күндері бізде 1 лаборатория жұмыс істеген болса, қазір олардың саны 5 жетті. Күнделікті 3 мыңнан астам тестілеу жүргізіліп жатыр», - деді әкім. Қала әкімі өз сөзінде Президенттің тапсырмасына сәйкес бірқатар іс-шара қабылданғанын мәлім етті. «Карантиннің алғашқы күндері ЖРВИ, пневмония ауруы бар азаматтардың бір емханаға баруы дәрігерлерге қауіп төндірді. Сол себепті науқастарды қабылдаған дәрігерлерді карантинге жабуға тура келді. Дәрігерлерге қауіп төндірмеу үшін пневмониясы бар азаматтарға арнап Теміржол ауруханасын белгіледік. Сонымен бірге ЖРВИ немесе басқа да температурасы бар симтомдарға №2 емхана мамандары қызмет көрсетті. Ал төтенше жағдай аяқталған соң барлық 14 емханада арнайы есік ашылып, онда жеке дәрігерлер қабылдайтын болды. Осы шаралардың арқасында біз 150-ге жуық вирус жұқтырған адамды басқа емханаларға баруының алдын алдық. Вирус анықталған азаматтар қазіргі уақытта емделіп шықты», - дейді А.Көлгінов. Қала әкімі сөз арасында Президенттің тапсырмасына сәйкес індетпен күресіп жатқан дәрігерлер мемлекет тарапынан қомақты қолдау алып жатқанын ерекше атап өтті. «Қазіргі уақытта емхана, ауруханаларда індетпен күресіп жатқан 4 мыңға жуық дәрігер жалпы сомасы 1,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Меценаттардың көмегін де айрықша айту керек. Төтенше жағдай кезінде 700-ге жуық дәрігер заманауи қонақүйлерге орналастырылды. Жаңа инфекциялық аурухана қысқа мерзімде салынды. Қазіргі уақытта 200 орындық ауруханадан 150 адам емделіп шықты. Қалғандарына ем-дом көрсетіліп жатыр», - дейді елорда әкімі.