Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырғандар саны артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.