Жыл басынан бері 26 млн астам мемлекеттік қызмет және сервис онлайн түрде көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл басынан бері 26 млн астам мемлекеттік қызмет және сервис онлайн түрде көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120588124293223.webp)
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 24 мамырына дейін қазақстандықтарға онлайн түрде 26 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер мен сервистер көрсетілді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Оның ішінде 20,2 миллионнан астамы "Электрондық үкімет" порталы арқылы, 4 миллионнан астамы eGovMobile қосымшасы арқылы және 2 миллионнан астамы Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді Telegram, Facebook және ВКонтакте мессенджерлерінде чат-боттар арқылы алынды. Сіздерге ыңғайлы болуы үшін барлық деректер инфографика түрінде ұсынылған. Естеріңізге сала кетейік, осы таңда онлайн түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80% қолжетімді. Оны қазақстандықтар egov.kz Электрондық үкімет сайтында, eGov Mobile қосымшасында және Telegram (@Kenes1414bot) мессенджерлеріндегі чат-боттардың және Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің көмегімен ала алады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)