«The Washington Time»: Қазақстан – Орта Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«The Washington Time»: Қазақстан – Орта Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120590629448662.webp)
"The Washington Time" Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күрес шараларын жоғары бағалап, оны Орта Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель деп таныды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Естеріңізге салсақ, елімізде COVID-19 алдын алу мен қиын кезде медицина қызметкерлерін қаржылай қолдауға ерекше көңіл бөлінген болатын. "Бұл жағдай жалпы адамзатқа аса ауыр тиді. Азаматтар тұрақты табысы мен жұмысынан уақытша айырылды. Енді біреулердің өмірі, тіпті, күл-талқан болды. Алайда мұндайда ел Үкіметі қарап қалмады, азаматтарды инфекциядан қорғау үшін және экономикалық проблемаларды жеңуге көмектесу мақсатында маңызды шешімдер қабылданды. Сөйтіп, мемлекетіміз вируспен күрес бойынша Орта Азия аймағында көш бастап тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аурудың алдын алу үшін және Қазақстан экономикасын қолдау үшін табанды еңбек етті. Екі жақты қолдау өз нәтижесін де көп күттірмеді. Қазақстанда COVID-19 пандемиясы әлемнің басқа елдеріндегідей геометриялық прогрессияда өсіп жатқан жоқ. Бұл әрекетті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық сарапшылар да оң бағалады. Өйткені Үкімет о бастан жәдел әрекет етті. Елімізде ерте кезеңнен қатаң карантин жарияланды. Қоғамдық көліктер тоқтады, мекемелердің көбі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті, ал көшелер мен тұрғын үйлер жиі дезинфекцияланды. Зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсетілді. Міне, осы шаралар вирустың таралауын айтарлықтай тежеді", – делінген хабарламада.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)