СІМ: Қазақстан мен Жапония пандемиямен күресте қабылдап отырған шаралар туралы пікір алмасты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![СІМ: Қазақстан мен Жапония пандемиямен күресте қабылдап отырған шаралар туралы пікір алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120592549447486.webp)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен телефон арқылы сөйлесіп, COVID-19 пандемиясына қарсы күрес шеңберінде екі мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы пікір алмасты. Жапон тарапы Қазақстан қабылдап жатқан шараларды жоғары бағалады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өз кезегінде, М.Тілеуберді медициналық препараттар мен ПЦР-сынақтар ретіндегі гуманитарлық көмек, сондай-ақ жапондық мамандарына бейнеконференция арқылы консультациялық жәрдем көрсеткені үшін Жапония Үкіметіне ризашылығын білдірді. COVID-19 індетінің жаһандық таралуына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, министрлер екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар қазіргі стратегиялық әріптестіктің жағдайына орай қанағаттанушылық білдіріп, биік деңгейдегі саяси диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті, оның ішінде екіжақты үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» диалогының кезекті отырыстарын өткізу арқылы жандандыру туралы уағдаластықа қол жеткізілді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)