Білім басқармасы: Балабақшаның кезекші топтары 15 баладан артық қабылдамайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Білім басқармасы: Балабақшаның кезекші топтары 15 баладан артық қабылдамайды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лаура Әлеуханова балабақшалардың кезекші топтарында 15 баладан аспауы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Балабақшаның дәрігерлері таңертең бүлдіршіндерді қабылдап аларда тексеруден өткізіп алады. Яғни баланың жағдайын қарап, дене қызуын өлшейді. Егер нормадан тыс белгілері байқалса, ата-анасымен сөйлесіп, үйіне жіберіледі», - деді басқарма қызметкері «Хабар 24» телеарнасына берген пікірінде. Ол өз сөзінде бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес әр кезекші топта 15 баладан аспауы керектігін атап өтті. Ал егер балалар саны артар болса, қосымша кезекші топтар ашылмақ.