Астананың автобус паркі 25 пайызға жаңарады – Жеңіс Қасымбек
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгін Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп жатқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қала автобустарының жетіспеушілігіне байланысты тұрғын сауалына жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Шаһар басшысы бұл түйткілді мәселенің түйінін шешу үшін Астананың автобус паркінің 25 пайызын жаңартуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Жазға салым алғашқы автобустар келеді. Барлығы 300-500 аралығында жаңа автобус сатып алынады. Бұл қазіргі автобус паркінің 25-30 пайызын құрайды, - деді әкім.
Жаңа автобустар жеткізілген соң автобус бағдарларының жеткіліксіз тармақтары мен жаңа бағыттарына пайдалануға берілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:20
Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті
Бүгін, 17:14
Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты
Бүгін, 16:37
Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бүгін, 12:35
Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды