Имамдар еліміздегі 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға ықпал етті
Фото: freepik
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл отбасын құндылығын дәріптейтін жұмыстарды күшейтпек. Бұл туралы басқарма төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық аппарат жиналысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биылғы жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялағанымызды білесіздер. Осы орайда дін қызметкерлері отбасы құндылығын ел арасында дәріптеп, жас отбасыларға бала тәрбиесі, жанұя бақыты жөнінде көбірек насихаттау керек. Өткен жылы имамдарымыз 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалуға оң ықпал етті. Биыл да мұндай жұмыстарды тоқтатпауымыз керек», – деді ҚМДБ төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:01
Елімізде қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді
31 қазан, 2025
Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды
31 қазан, 2025
Елімізде балалардың ерте дамуы үшін қызметтерге тең мүмкіндік беретін құжат қабылданды
30 қазан, 2025
Биыл әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында мыңнан астам тексеру жүргізілді
