Астана тұрғыны көлік жуу орнынан телефон ұрлап кетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астана тұрғыны көлік жуу орнынан телефон ұрлап кетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172103592619017576.webp)
Елордалық тұрғын көлік жуу орнынан телефон ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, автокөлік жуатын жерді жалға алушы полицияға жүгініп, жұмыс орнында оның Huawei телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Ер адамның айтуынша, ол телефонды ресепшннің жанындағы үстелге қалдырған. Біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткенін көрген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа 33 жастағы келушінің қатысы бары анықталды. Қараусыз қалған ұялы телефонды байқаған ол, бөтеннің мүлкін алып, қашып кеткен. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Ұсталған адамның қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адам кінәсін толық мойындады, заттай дәлелдемелер алынды.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)