Елордалық полицейлер жүкті әйелді перзентханаға уақытылы жеткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер жүкті әйелді перзентханаға уақытылы жеткізді
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер жүкті әйелді перзентханаға уақытылы жеткізді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана  тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне отбасына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген.

3 қаңтарда түнгі сағат 02.00 шамасында патрульдік полиция полкінің инспекторлары Қуаныш Ізбасар мен Исаин Қоғабаев Достық көшесінде Тұранға қарай патрульдеу кезінде оларға ер адам жүгіріп келіп, көлікте оның жұбайы толғатып жатқанын хабарлаған. Әйелін уақытында жеткізуге үлгермеймін деп қорыққан ер адам тәртіп сақшыларынан көлікті перзентханаға дейін жеткізуді өтінген.

Кез келген кідіріс ана мен болашақ сәбидің денсаулығына қауіп төндіретінін түсініп, біз әйелді қызметтік көліктің артқы орындығына отырғыздық. Арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды қолдана отырып, жүкті әйелді жақын маңдағы елордалық ауруханаға жеткізіп үлгердік, - дейді полиция қызметкері.