Елордада тағы 257 бағдаршам ITS жүйесіне қосылады – Нұрлан Нұркенов
Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Елордада қоғамдық көлікті дамыту, жолдарды салу және жөндеу бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар» атты брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Біз ITS Интеллектуалды көлік жүйесін дамытуды жалғастырамыз. ITS көше-жол желісін түсіруде шешуші рөл атқарады. Бірыңғай платформа негізінде бағдаршам объектілерін басқарудың интеграцияланған жүйесі қарастырылған. 2014 жылы бірінші кезең құрылысы аяқталды. Содан кейін 42 бағдаршам ITS-ке бейімделген болатын, - деді қала әкімінің орынбасары.
Нұрлан Нұркенов өз баяндамасында 2019 жылы ITS объектілерінің саны 207 бағдаршамға дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берген.
2023-2024 жылдары ITS -тің 3 кезеңі жүргізілетін болады, оған 257 бағдаршам нысаны қамтылатын болады.