Елордада Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды
ашық дереккөз

Астанада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды, деп хабарлады Elorda.info

Елордада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, желтоқсаншылар естеліктерімен бөлісіп, марқұмдардың рухына Құран бағыштады.

Салтанатты іс-шараға әкімдік өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Гүл шоқтарын қойғаннан кейін қатысушылар бір минут үнсіздікпен Желтоқсан құрбандарын  еске алды.

Еске салайық, Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен дөңгелек үстелдер өткізілді.