Елордада футзалдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада футзалдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті
ашық дереккөз

Елордада футзалдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада футзалдан БАҚ өкілдері арасында, дәстүрлі республикалық Berdiqul cup турнирі өтті. 10 команда қатысқан бәсеке биыл ерекше форматта ұйымдастырылды.

Жылдағыдан ерекшелігі – биыл турнирге 30 жастан асқан БАҚ өкілдері ғана қатысуға құқық алды. Бұл турнирге деген құлшыныс пен аға буын өкілдеріне деген құрметті туғызуға бағытталған қадам.

Сонымен, жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді. «А» тобында
"Қызылорда", "Қазақстан қалалары", "Astana TV", "Tumalas.kz", "7 арна" командалары ойнаса, "В" тобында "Қазмедиа", "Qazaq team", "Шымкент", "Metaratings.kz" және "Хабар" командалары доп тепті. Нәтижесінде, жартылай финалда өз топтарынан үздік шыққан "Қызылорда" - "Шымкент", "Хабар" - "Қазақстан қалалары" жұптары кездесті.

Ал финалда "Хабар" жігіттері қызылордалық әріптестерін жеңіп, Berdiqul cup-2022 жеңімпазы атанса, үшінші орын үшін өткен ойында шымкенттіктер "Қазақстан қалаларын" жеңді.

Турнирде бас жүлдеге 1 000 000 теңге тағайындалса, екінші орын иегері 700 000 мың теңгені иеленіп, қола жүлдегер 400 000 мың теңгені жеңіп алды. Сондай-ақ, 4-орын алған командаға да жүлде бұйырып, 200 мың теңгенің жұбаныш жүлдесін иеленді. Ал жекелей номинациялар бойынша 6 үздікке 100 мың теңгеден берілді.

Berdiqul cup-2022 қорытындысы:

1-орын: Хабар 1 000 000 теңге; 

2-орын: Қызылорда 7 00 000 теңге; 

3-орын: Шымкент 400 000 теңге; 

4-орын: Қазақстан қалалары 200 000 теңге.

Үздік сұрмерген: Оңғар Қабден (Шымкент); 

Үздік қақпашы: Аян Әлімханов (Қазақстан қалалары); 

Үздік қорғаушы: Нұрлат Байкенже (Qazaq team); 

Үздік шабуылшы: Ербол Каиров (Metaratings.kz); 

Үздік ойыншы: Әділбек Жақанов (Қызылорда);

Құрмет номинациясы: Әділет Құсайынов (Хабар).

Сонымен қатар, биыл Berdiqul cup аясында интеллектуалдық куиз ойын ұйымдастырылды.