Елордада қала прокуратурасының алқа отырысы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада қала прокуратурасының алқа отырысы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106242441943712.webp)
Бүгін елордада Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегеновтің төрағалығымен қала прокуратурасы алқасының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда өндірістік жарақат алушылық, осы санаттағы істерді тергеу тәжірибесі фактілері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың заңдылығы мен толықтығы мәселелері қаралды. Алқа жұмысына қала әкімдігі, әкімдік басқармалары, полиция департаменті, сонымен қатар аудандық полиция басқармалары басшылығы қатысты. Отырыста елордада жылдан жылға өндірісте жарақат алу фактілері артып келе жатқаны атап өтілді.
Биыл өндірісте жарақат алуға қатысты 56 жағдай тіркелді, (2018. - 59, 2019 ж. - 46, 2020 ж. - 51 және 2021 ж. - 56), оның ішінде 14 оқиға өліммен аяқталды (2018 ж. - 15, 2019 ж. - 11, 2020 ж. - 14 және 2021 ж. - 15). Прокуратура сонымен қатар жұмыс берушілердің жауапкершіліктен қашу, еңбек инспекторларының арнайы тексеруді дер кезінде және сапалы жүргізбеуі, қылмыстық істерді жүргізгенде формализмге бой алдыру және басқа да заң бұзушылықтарды анықтады, - деді Е. Өтегенов.
Алқа отырысының қорытындысында уәкілетті мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, осы бағыттарда жұмыс сапасын жақсартуға арналған тапсырмалар берілді.
Райхан Рахметова
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)