Астанада жас сарбаздар ант берді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада жас сарбаздар ант берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106241032473174.webp)
Астанада жас сарбаздар ант берді, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, оған «Ұлан ұрпақ» республикалық қоғамдық бірлестігі іріктеген оқушылар қатысып, әскери шеберліктерін де көрсетті.
Болашақ сарбаздарды әскер қатарына дайындау, ел-жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында құрылған ұйым балаларға кәсіби бағдар беруге дайын екендігін айтады. Ұйымға мүше оқушылар қаруды шашып-жинау, нысанаға тигізу сынды әскери жаттығуларды жасап қана қоймай, қоян-қолтық күрес түрлерін де меңгерген.
Бұл ұйымның басты мақсаты әскерге дейінгі әскери патриоттық тәрбие. Әскери мамандықты таңдаған балалардың мақсатына жеткізу үшін біз кәсіби бағдар жұмысын атқарып жатырмыз. 11 сынып бітіргеннен кейін біз оларға қолдау көрсетіп әскери жоғары оқу орындарына түсуге қолдау көрсетеміз, - деді «Ұлан ұрпақ» РҚБ төрағасының орынбасары Қанат Рахымбаев.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)