Астанада қазақ-өзбек жастарының конгресі өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қазақ-өзбек жастарының конгресі өтті
ашық дереккөз

Қазақстан мен Өзбекстан жастары ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік және креативті индустрия салаларын бірлесе дамытады, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, бүгін Астанада басталған қазақ-өзбек жастарының Бірінші Конгресінде алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жоспарлар талқыланды. Үш күнге жалғасатын форум жұмысына 100-ден астам белсенді жас жиналды.

Өзбекстаннан жастар делегациясымен келдік. Екі ел президенті осы жастар саясатына көп көңіл бөліп отыр. Достық қарым-қатынаста келісімдер бар. Енді жастар конгресін біз Өзбекстанда да өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараның маңыздылығы –  бір-бірімізбен IT және медиа саласында тәжірибе алмасып, алдағы әріптестікті одан әрі дамыту, - деді Өр жастар ісі жөніндегі агенттігінің наманган облыстық басқармасының бастығы Бахтияр Мирзатов.



Айта кетейік, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің елімізге сапары кезінде екі ел жастарының І Конгресін өткізу туралы бірлескен шешім қабылданған болатын.



Өте қызықты кездесу деп ойлаймын. Өйткені бәріміз үшін бір-бірімізбен тәжірибемізді алмасып, барымызбен бөлісіп, келген қонақтардан тәжірибелерін тыңдап бір жақсы құнды ақпараттар алып жатырмыз. Ол жастар үшін өте маңызды, неге десеңіз, қазір көрші мемлекеттермен қарым-қатынасымыз тек экономикалық, сауда жағынан ғана емес, жастарымыз да тығыз айналысуы керек деп ойлаймын. Бұл – болашаққа жақсы бір инвестиция, - деді ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлеймен.