Астанада «Жаңа белестегі жастар» дәстүрлі форумы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Жаңа белестегі жастар» дәстүрлі форумы өтті
ашық дереккөз

Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада «Жаңа белестегі жастар» дәстүрлі форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған форумға 300-ден аса жас қатысты. Іс-шара барысында олар көпке танымал тұлғалардың шеберлік дәрістерін тыңдап, өз сауалдарына жауап алды.

«Жаңа белестегі жастар» елордада екі жылда 1 рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған шараның мақсаты - жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беру, жаңа белестерге ұмтылуға ынталандыру, жастардың бойында отаншылдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ұйытқы болу, олардың кәсіби тұрғыда өсіп-өнуіне жол ашу.


 

Мұндай форумдардың жастардың бірге бас қосып, өзара танысып, тәжірибе алмасып, әрі қарай бірге қадам басуы үшін тигізер пайдасы мол. Мысалы, біз қазір 2023-27 жылға дейінгі Астана қаласының стратегиясын әзірлеу үстіндеміз. Бүгінгі форумның және алдымызда болатын көптеген конференциялардың қорытындылары бойынша біз өзекті жобаларды алып, Астана қаласының жастар саясатының жаңа стратегиясын жасайтын боламыз, - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.