Елордада жас кітапханашылар SMM технологияларды үйренеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жас кітапханашылар SMM технологияларды үйренеді
ашық дереккөз

Кітапханашылар заман талабына сай бейімделуі қажет. Астанадағы ұлттық кітапханада бас қосқан жас кітапханашылар осылай дейді, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, еліміздің барлық өңірлерінен келген сала мамандары іскерлік кездесуде пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық диалог алаңында мамандар мобилография, подкастинг негіздері, SMM-технологиялары сынды заманауи жаңашылдықтарды меңгереді.

Олар қазір заман көшінен қалмай, жаһанданып жұмыс істеп жатыр. Кітапхана екі бағытта дамуы керек. Біріншіден, виртуальды өмір жеңіп бара жатқан заманда заманда қызметін жоғалтпау керек. Екіншіден, автоматизация өз қызметін көрсету, әлеуметтік желіні игеру керек, - деді Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы.