Елордада мысықты құтқармақ болған бала ажалдан аман қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мысықты құтқармақ болған бала ажалдан аман қалды
ашық дереккөз

Астанада мектеп оқушысы мысықты құтқарамын деп өлім аузынан қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, оқиға Ақбұлақ өзенінің бойында болған. 11 жастағы жеткіншек мұз үстінде отырған мысықты шығарамын деп өзеннің сағасына түскен. Жұқа мұз баланың салмағын көтере алмай жарылып, өзі батып кете жаздады.

Абырой болғанда жанталасып жатқан жасөспірімді төңіректе жүрген Елена Шелестюк есімді әйел байқап қалып, дереу көмекке ұмтылып, шығарып алды.

Суға кеткен баланы құтқарған әйелді полицейлер марапаттап, алғыс білдірді.