00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағын салу жоспарланып отыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағын салу жоспарланып отыр
ашық дереккөз

ИАТА 2050 жылға дейінгі әуежайдың дамыту жоспарын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе айлақты дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеу жөніндегі жобаның тұжырымдамасы таныстырылды.

Кеңеске ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығының өкілдері қатысты

Жоспар жер учаскелерін пайдалануды, құрылысты, инфрақұрылымның жаңа объектілерінің параметрлері мен технологиялық схемаларын – екінші ҰҚЖ, перрон, терминалдар, ангарларды, сондай-ақ қажетті ресурстарды, оның ішінде арнайы техника мен персоналды жоспарлауды қамтитын болады. Осы жоспардың негізінде болашақта компанияны дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады, - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.