Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары талқыланып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары талқыланып жатыр
ашық дереккөз

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын талқылау жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға елорда тұрғындары 15 - 18 қарашаның аралығында таңғы сағат 10.00-ден бастап жиналады. Сондай-ақ оған «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Алмас Жанбыршы, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС өкілдері қатысады.

Бірінші күні көрмеге 200-ге жуық адам келді, олардың арасында тұрғындар, блогерлер, БАҚ өкілдері бар.

Көрме барысында қала тұрғындары ұсыныстарымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС мамандарынан толық жауаптар алды. Бұл Астананың бас жоспарының соңғы нұсқасы емес екенін атап өткіміз келеді. 2023 жылдың соңына дейін жалғасатын әзірлеме барысында қоғамдық талқылау кезінде айтылған елорда тұрғындарының барлық тілектері және проблемалары қаралатын болады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдары 2022 жылғы 18 қарашаға дейін «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС ғимаратында, Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 22-көрме залы мекенжайы бойынша ұсынылады. Өткізу уақыты: 10.00-ден 17.00-ге дейін.