Астаналық қос парадзюдошы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астаналық қос парадзюдошы Әлем чемпионатының финалына жолдама алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106293921736599.webp)
4 қараша күні Әзірбайжан елінің Баку қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында парадзюдодан Әлем чемпионаты бастау алған болатын. Әлемнің 40 тан астам елінен 300 ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі – Астана қаласының спортшылары, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Астаналық Ақмарал Науатбек әлем чемпионатының финалына шықты. Осылайша жерлесіміз парадзюдо тарихынды көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында алғаш рет финалға шыққан қазақ қызы. Жартылай финалда тайпэйлік Ли Кай Линді жеңген жерлесіміз, финалда Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Атап өткен жөн, Мартинет паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері.
Өз кезегінде ерлер арасында 73 келідегі жерлесіміз Ерғали Шамей аты аңызға айналған Румыниялық Александро Бологадан басым түсті. Тартысты жекпе-жекті Ерғали ұстау әдісімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.
Сонымен қатар, отандасымыз Федосова Даяна мен Олжас Оразалы әлем чемпионатының қоласы үшін күресетін болады.
Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 19:00-де өтеді.
Айта кетейік, Әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасады.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)