Астанада оқушыларға арналған «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада оқушыларға арналған «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді
ашық дереккөз

4-5 қараша күндері Астана қаласында «Білім-инновация» жəне «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «Көшбасшы-2022» құрылтайы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Қазақстанның əр аймағындағы «Білім-инновация» лицейлерінің мектеп президенттерінен (өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері) құрылған оқушылар қатысады. Аталмыш іс-шара дəстүрлі түрде жылына бір рет өткізіліп тұрады. Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тəжірбие арқылы көшбасшылық қабілеттерін ұштайды.

Бағдарлама бойынша оқушылар үшін бірқатар экскурсия жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, ел болашағы үшін маңызды шешімдер шығарылып, келелі саяси һəм ел мүддесі үшін түйткілді мəселелер талқыланатын ҚР Парламентінің жұмысымен танысып, бірқатар депутаттың қабылдауында болады. «Нұрорда жəне Spectrum» халықаралық мектептерін аралап көру сияқты таным көкжиегін арттыратын шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.