Елордада Республика күніне орай қандай спорттық іс-шаралар өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Республика күніне орай қандай спорттық іс-шаралар өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106562611227967.webp)
Астанадағы «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенініңде қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Жастарды спортқа баулу» атты тақырыпта брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жиынға Астана қаласының 100-ге жуық спортшыларымен қатар қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар рухы Жастар қанаты елордалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм, Азия ойындарының жеңімпазы пара жүзуші Сиязбек Далиев, ардагерлер арасындағы еркін күрестен Əлем чемпионатының жеңімпазы, еркін стильдегі қазақстандық балуан, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Нұрлан Бекжанов қатысты.
Брифинг аясында елордалық спортшылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын талқылап, спикерлерге сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды.
Астанада қала халқын бұқаралық спорт шараларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ туризмді дамыту жолға қойылып келеді. Әсіресе, елордалықтардың белсенді демалысын ұйымдастыруға барынша көңіл бөліне бастады. Жыл басынан бастап елордада 300-ге тарта бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оларға 80 мың қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
- «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында бұқаралық спортқа оның ішінде балалар спорты мен жастар арасындағы спортқа үлкен ден қойып, жаңа міндеттерді алға тартты. Осы орайда елордада бірнеше жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар Халықаралық додаларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Атап айтсақ Әлем жене Азия чемпионаттарында ел спортшылары 133 алтын, 135 күміс, 148 қола жүлдені жеңіп алды.Соның ішінде Астана қаласының спортшыларының нәтижесі алдыңғы жылдан қарағанда өте жақсы деп атауға болады. Бұл – ел спорты үшін үлкен нәтиже, - деді Еркеғали Корбозов.
Ол сондай-ақ биылғы жылы спорт саласында жасалған ауқымды жұмыстардың бірі спорт төрешілерінің жалақысы артқанын да атап өтті.
Мәдениет және спорт министрліктің қолдауының арқасында елімізде спорт төрешілеріне төленетін еңбекақы мөлшері 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен базалық лауазымдық айлықақы 10-нан 100 пайызға дейін өсетін болады. 1994 жылдан бастап өзгеріссіз келген өзекті мәселені шешудегі негізгі мақсат – «Төреші» мамандығының беделін көтеріп, онымен бірге еліміздегі барлық деңгейдегі спорттық жарыстардың сапасын арттыру. Жаңа қаулы бойынша халықаралық дәрежедегі төрешілердің базалық лауазымдық айлықақысы 2654,6 теңгеден 17697 теңгеге, жоғары дәрежедегі спорт бойынша ұлттық төрешілер ақысы 2123,6 теңгеден 15927 теңгеге, спорт бойынша ұлттық төреші 1769,7 теңгеден 14158 теңгеге, 1 дәрежедегі спорт бойынша төреші 1415,8 теңгеден 12388 теңгеге, спорт бойынша төрешілер ақысы 1238,8 теңгеден 10618 теңгеге болып өзгереді. Жаттықтырушылар мен спортшыларға өмірлік ай сайынғы жалақы тағайындалды. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын және олимпиада ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар мен спортшыларға төленетін ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері 24 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Ақшалай санағанда 73 мыңнан 318 мың теңгеге дейін өсті. Бұл жоба Үкімет қаулысымен бекітілген «халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының 5-тармағына сәйкес жүзеге асады, - деп атап өтті қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары.
Республика күніне арналып қол добынан Республикалық чемпионат өтті. Алау мұз сарайында семсерлесуден республикалық турнир өтіп жатыр. Алғаш рет елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Шоудаун үстел теннисінен бірінші ашық қалалық жарыс өтті. Осылардың барлығы Республика күніне орайластырды. Алда енді 24-25 қазан күндері Астана іргесіндегі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің аумағында «Арғымақ» ат - сауықтыру спорт кешенінің ашылуына орай ат спорты бойынша спорттық жарыстар өтеді. Республика күніне арналған шара аясында ат спортының конкур және бәйге түрлерінен турнир өтпек. Бұл жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық шабандоз қатысады деп күтілуде. Олар екі күн бойы биіктігі мен күрделілігі бойынша үш түрлі бағытта бақтарын сынайды. Сондай-ақ 25 қазан күні сағат 14:00-де «Қазанат» атшабарында бәйге түрлерінен турнир өтеді. Бәйге сайысында Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 100-ге жуық таңдаулы жүйірктер бақтарын сынайды. Екі қашықтықта өтетін жарыс бағдарламасына 20 шақырымға шақталған «аламан» бәйге мен 14 шақырымдық «топ» бәйге кіреді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 17 000 000 теңгені құрайды. Айта кетейік, бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир 25 қазан ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылады.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)