Астаналық тұрғын ұрланған мемлекеттік нөмір белгілерін сатқан
Елордалық тұрғын ұрланған мемлекетік нөмір белгілерін сатқан, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, орнына «нөмірге қатысты Telegram-ға жаз» деген жазба қалдырған.Ұрланған нөмір үшін автокөлік иелерінен 7-ден 10 мың теңгеге дейін қаржыны талап еткен. Ресей Федерациясының азаматы түнде белгісіз адам Kia Ceed автокөлгінен мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын хабарлап полицияға арызбен жүгінді, - деп жазылған хабарламада.
Ал бұл көлік Ресей есебінде тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта оның үш мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. ҚР ҚК 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.