Елордада Future School мектеп-балабақшасы іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Future School мектеп-балабақшасы іске қосылды
ашық дереккөз

Білімге салынған инвестиция - болашаққа қосқан үлес. Бүгінгі таңда елордада осы саладағы бірқатар инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Солардың бірі – биылғы оқу жылында өз есігін айқара ашқан Future School жалпы білім беретін мектебі, деп хабарлады Elorda.info.

Мекеменің бірегейлігі – оның 440 кіші буын оқушы мен 120 балабақша тәрбиеленушісіне арналған «мектеп-балабақша» форматында жұмыс істеуінде. Мұнда 50 адам жұмысқа орналастырылды.

2009 жылдан бастап білім беру нарығына қатысып келеміз, бізде 2 «Ақбөпе» балабақшасы болды, содан кейін ата-аналар сұрағандықтан, бізге одан әрі жалғастыру туралы ой келді. Мұндай мүмкіндік 2019 жылы пайда болды. Біз инвестициялық келісімшарт жасадық, бұған бізге Инвестициялар жөніндегі басқарма, Инвестициялар жөніндегі комитет көп көмектесті, біздің өтінімдерімізді қарап, бізге бір гектар жер учаскесін берді. Құжаттарды рәсімдеу 1 жылға созылды. Осыдан кейін біз мектеп салуды бастадық. Олар да тез салынды, жобалауға жарты жыл кетті, жалпы бір жыл ішінде салынды, - деп атап өтті «Future School» құрылтайшысы Арман Бірімжанов.

«Балабақша-мектеп» форматы кездейсоқ таңдалмады, өйткені бұл салада белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаны толық іске асырғанға дейін жүргізген «Астана Инвест» компаниясы үлкен ұйымдастырушылық көмек көрсеткен.

Егер бұрын қандай да бір бюрократиялық кедергілерден өзіміз өтуіміз керек болса, қазір біз тікелей «Астана Инвестке» жүгінеміз, оларға бәрін айтамыз және олар одан әрі қарай көмектеседі,-деп атап өтті Арман Бірімжанов.