00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Astana Marathon 2022»: елордада бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Astana Marathon 2022»: елордада бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі
ашық дереккөз

9 қазан сағат 07:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытта жыл сайынғы «Astana Marathon 2022» халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Марафон кезінде қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысы уақытша шектеледі.

Марафон екі бағыт бойынша өтеді:

1) 18 жастан асқан қатысушылар үшін 42,2 километр қашықтық:

Старт «ЭКСПО» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр – Ұлы дала көшелерімен Нәжімеденов көшесіне дейін, одан бұрылып қайтадан Ұлы далаға, одан әрі К1 – Оңтүстік және Оңтүстік-батыс айналма жол – Қарқаралы – Қабанбай батыр – Хусейн бен Талал – Қабанбай батыр – Рысқұлов көшесі және «ЭКСПО» аумағындағы мәре.

2) 16 жастан асқан қатысушылар үшін 10 километр қашықтық:

Старт «Экспо» аумағынан Рысқұлов – Қабанбай батыр көшесімен «Будапешт» ТК ауданында бұрылыс – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Рысқұлов және «ЭКСПО» аумағындағы мәре.

Қауіпсіздік және көлік кешігулерін болдырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру маршруттарын алдын ала жоспарлауды, көшелердің жабық учаскелерін айналып өтуді және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.