Астанада «AstauFest» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «AstauFest» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
ашық дереккөз

Әлемнің 70 елінде Халықаралық аспаздар күнін тойлау дәстүрлі мерекеге айналған. Ал осы айтулы мереке 2019 жылдан бері елордадағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «AstauFest» фестивалі деген атаумен жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі»МКҚК елордалық Білім басқармасының қолдауымен «AstauFest-2022» III Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр.

Фестивальдің басты мақсаты – Халықаралық ынтымақтастық арқылы біз әлемдік WorldSkills қозғалысының дамуына, оған қатысушы жастардың шеберлік деңгейіне жаңа серпін беру, аспаз мамандығының маңыздылығын дәріптеу, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамыту, аспаз саласында ерекше қабілетті кәсіби  шеберлерді анықтау, оларға қолдау көрсету.

Фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған студенттердің, сала мамандарының халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына бағытталған.

Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «AstauFest» - 2022 фестиваліне шет мемлекеттерден өкілдер келуде. Бүгінде осы фестивальдің арқасында еліміз Түркия, Корея, Ресей, Якутия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Фестиваль – креативті мамандардың өз идеяларын ортаға салатын, Қазақстандық білім беру саласы үшін ортақ алаң. 

8 мемлекет пен еліміздің 13 аймағынан жүзден аса студент пен сайысқа қатысушы шеберлер сондай-ақ сарапшылар келді.

Фестиваль 6 қазанға дейін жалғасады.