Елордада отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сыныбы өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сыныбы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106568635121802.webp)
Бүгін елордадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша тәжірибе алмау шеберлік сабағы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оған профессор, Ұлттық отоларингология медициналық зерттеу орталығы директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Хассан Диаб шақырылды (Мәскеу қ.).
Профессор балаларға жасалатын күрделі оталарға қатысты.
Бүгін біз 7 операцияны жоспарлап отырмыз. Бұл кохлеарлық имплантацияның ерекше, күрделі жағдайлары. Сондықтан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған ZOOM және YouTube арқылы 60 дәрігер қатысты. Тыңдаушыларға күрделі отохирургиялық операциялардың барлық кезеңдері көрсетілді. Біз есту қабілетін толығымен қалпына келтіреміз, туа біткен саңырау немесе өмірінде керең болып қалған балаларды қалыпты өміріне қайта оралуына көмектесеміз, - деді Хассан Диаб.
Айта кетейік, мұнда балаларға тәулік бойы жоспарлы және шұғыл көмек, көрсетіледі. Бөлімше медициналық аппаратурамен және медициналық жабдықпен толық жарақталған. Стационарда лорпатологиялар кезінде шұғыл және жоспарлы оталардың негізгі түрлері жасалады.
Мұрын қалқасының қисаюын эндоскопиялық хирургиялық түзету жүргізіледі, түймешіктерді (полиптерді), жылауықтарды және аденоидтарды алып тастау, тонзиллэктомия жүргізіледі, естуді жақсарту бойынша оталар: барлық түрдегі тимпанопластика, ортаңғы құлақтың холестеатомасы кезінде радикалды антромастоидэктомия, сондай-ақ, кохлеарлық имплантация сияқты жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері жасалады.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)