Елордада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106569239253679.webp)
Астанада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда облыстардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнімдерді ұсынып жатыр. Өнім ассортименті жалпы көлемі 282 тоннаны құрайтын 70-тен астам атауды құрайды.
Жәрмеңкеге келушілер картоп, көкөніс, бал, ет, күнбағыс майы, сүт өнімдері және т.б. жаппай сатып алып жатыр. Солардың бірі – елордалық Бағдат Қаратаев.
Мұнда келіншегім екеуіміз келдік. Жәрмеңкеден жемістер мен көкөністер сатып алдық. Сондай-ақ балаларға тәттілер де алдық. Бағасы да қолжетімді. Жалпы өзіміз апта сайын осындай жәрмеңкелерге барып тұрамыз, - деді қала тұрғыны.
Айта кетейік, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-20% - ға төмен.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)