00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы жәрмеңкеде Алматы мен Жетісу облыстары өз өнімдерін ұсынады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы жәрмеңкеде Алматы мен Жетісу облыстары өз өнімдерін ұсынады
ашық дереккөз

17 және 18 қыркүйек күндері дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Алматы және Жетісу облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.

Екі өңірдің тауар өндірушілері елордаға 459 тонна өнім әкеледі, оның ішінде: 84 тонна – көкөніс, 62 тонна – жеміс-жидек, 48,7 тонна – картоп, 41,5 тонна – ет, 9 тоннадан астам – сүт өнімдері, 8 тонна – балық, 500 кг бал, сондай-ақ 189 тонна өзге де өнімдер бар.

Мәселен, Жетісу облысы 54 тауар түрін, Алматы облысы 42 түрін ұсынады. Олардың арасында өсімдік майы, қант, ұн, жарма, ұлттық сусындар және басқалар бар.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен болады.

Айта кетейік, жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран даңғылы, 48 мекенжайында орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Келесі демалыс күндері, яғни 24-25 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.