Елордада демалыс күндері Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жәрмеңкеден елордалықтар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балық пен ас тұзын сондай-ақ қауын мен қарбызын сатып ала алады.
Жәрмеңкеге 100 тонна күріш, 15 тонна ет және 30 тонна балық өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 210 тонна бақша өнімдері, 50 тонна асқабақ, 3 тонна ас тұзы, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитер өнімдерін ұсынады, - деді Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Басшының айтуынша, облыс тарапынан жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері беріледі.
Сондай-ақ Сыр елінен келген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Еске сала кетейік, елордада алдағы демалыс күндері өтетін жәрмеңке «Астана Арена» спорттық кешенінің жанында өтеді.