Астанада пробация қызметкерін балағаттаған сотталғанға айыппұл салынды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада пробация қызметкерін балағаттаған сотталғанға айыппұл салынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210661062573080.webp)
Елордада пробация қызметкерін балағаттаған сотталғанға айыппұл салынды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Алматы ауданының пробация қызметінің аға инспекторы Асем Бейсатовамен пробация қызметі есебінде тұрған Н.есімді сотталған учаскелік пунктіне шақырылды.Есепте тұрған сотталған Н. учаскелік пунктіне келіп, ғимараттың ішінде жанжал көтеріп, ондағы полиция қызметкерлеріне балапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіптің тыныштығын бұзды, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотталғанға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сотталғанға қатысты ҚР ӘқБК 667-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп 61 260 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘқБК 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)