00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер екі баланы ажалдан құтқарып қалды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер екі баланы ажалдан құтқарып қалды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда полицейлер көпқабатты үйдің пәтерінде қараусыз қалған 2 баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға кешкі сағат 20.29 шамасында Молдағұлова көшесінде тұратын адамдардан тұрғын үйдің 4-қабатындағы ашық терезеден баланың сыртқа қарап тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына автопатрульдің құрамында болған полиция аға лейтенанттары Ринат Мұхамеджанов пен Таскен Сәкен дереу барды. Пәтер есігі жабық болғандықтан, полицейлер 5-қабаттың терезесінен үйге кіріп, балаларды бір ажалдан құтқарып қалды.

Патрульдің бірі беліне арқан байлап, әріптесінің көмегімен 3 және 1 жасар екі баланы құтқарды.