00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады
ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері аралау жұмыстарын жүргізу барысында отбасындағы балалардың барлығы бірдей сабаққа толық дайын еместігін анықтаған. Осылайша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлау үшін елордалық полицейлер оқушыларға көмек көрсетті.

Полицейлер балаларға барлық қажетті керек-жарақтары бар рюкзактар табыс етті. Тәртіп сақшылары балаларға оқу жылының сәтті өтуіне және жақсы бағалар алуына тілек білдіріп, сондай-ақ үлгілі тәртіпті, мұғалімдерді тыңдап, ата-аналарды өз жетістіктерімен қуанту керектігін еске салды.  

Полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын. Бұл сыйлықтар кішкентай болса да, осы балалар үшін демеу болды, - деді Сарыарқа ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Азамат Әжібаев.