00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
ашық дереккөз

Аталған іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру объектілерінің іргелес аумағына тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша нұсқамалар беретін болады.

Елорда әкімдігі мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер тротуарларын абаттандыруды, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол төсемі мен жасанды жол кедергілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жаяу жүргіншілер өтпелеріне белгі қойылып, жол белгілері орнатылады. Бұл шаралар жүргізушілердің назарын жол белгілеріне аудару, сондай-ақ жасанды жол кедергілерінің салдарынан жаяу жүргіншілер өткелдеріне дейінгі жылдамдықты мәжбүрлеп төмендету арқылы балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – делінген хабарламада.