Елордалық еріктілер тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетті
Елордада Amanat партиясының отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес депутаттарының қолдауымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында психологиялық сүйемелдеу қызметі жыл басынан бері жұмыс істей бастаған болатын. Оның мақсаты – өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар мен олардың ата-аналарына көмек және психологиялық қолдау көрсету.
Бүгін іс-шараға біз 10 балаға рюкзактар, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті барлық керек-жарақтарды беру үшін демеушілер ретінде келдік. Сонымен қатар, біздің еріктілер көңіл көтеру бағдарламасын ұйымдастырды, - деді «Жас ұлан» республикалық балалар бірлестігінің атқарушы директоры Ақнұр Тұрдалиева.
Айта кету керек, психологиялық қолдау қызметіне жүгінген азаматтар әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмекті тегін ала алады.
Отбасын сүйемелдеу және қолдау олар өмір сүрудің қолайлы деңгейіне жеткенге дейін жүзеге асырылады, - деп түсіндірді елордалық Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім әдіскері Гүлсім Хасенова.
Демеушілер, еріктілер және білім басқармасының өкілдері іс-шараға іс-шараға белсенділік танытып, қатысқаны үшін балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.
Сондай-ақ, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін білім беру ұйымдарында «Жедел желілер», «Сенім» телефондары, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды: 556960, 87754635046.