00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың қалалық алаңы қалай өзгерді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың қалалық алаңы қалай өзгерді
ашық дереккөз

Елорданың қалалық алаңы түбегейлі өзгерді және тұрғындар бос уақыттарын жайлы өткізетін тағы бір тартымды орынға айналды.

Бетон блоктары мен бос жатқан аумақтың орнына қоғамдық кеңістік абаттандырылды: субұрқақтар, сахна, қалқалар орнатылды, демалуға арналған орындар құрылды, ағаштар отырғызылды. Мысалы, тұманды булануы бар тостаған түріндегі субұрқақтар, арка тәрізді субұрқақ орнатылды, жақында шар тәрізді құрғақ субұрқақ пайда болады.

Қалалық алаң оң жағалауда орналасқан (Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі) және бірыңғай серуендеу маршруты болып табылады. Жаңа қоғамдық кеңістік «Театральный» жаяу жүргіншілер желекжолы («Жастар» сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейін) Мәмбетов көшесіндегі «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер желекжолы мен арбатты жалғап, қаланың тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті байланыстырады.

Айта кетейік, абаттандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» шеберлік жоспары аясында жүргізіліп жатыр. Тек соңғы жылдары 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған.